lat: ASSAMBLEIa
з а т. қ о ғ. 1. Халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы қоғамдық жиналысы.
1995 жылғы 30 маусымда Қазақстан халықтары Ассамблеясы екінші сессиясында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті
Н.Ә. Назарбаев, 1993 жылғы Конституция туғызған проблемалар мен үйлесімсіздіктер, амалсыз жасалған ымыралар, түптеп келгенде, елді құқықтық тұйыққа әкеп тірегендігін атап көрсетті («Егемен Қазақстан»).
2. Мемлекеттік немесе халықаралық ұйым атауы.
Жуырда ғана талқыланған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы Ассамблеяның орны мен рөлін айқындап алу керек («Қаз. әдеб.»).
Екіншіден, Қазақстан Парламенті Парламентаралық одақ, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы, сондай-ақ Ислам Конференқиясы ұйымы (ИКҰ) Парламенттік Ассамблеясы сияқты беделді халықаралық ұйымдар мүшесі болып табылады («Егемен Қазақстан»).
Бас Ассамблея
қ о ғ. Біріккен ұлттар ұйымының басты органдарының бірі.
Біріккен ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясы төтенше арнаулы сессиясының келесі мөжілісі 17 июльде өткізіледі деп белгіленді («Соц. Қаз.»).
Ол былай деді: Біз Бас Ассамблеяның қазіргі сессиясының алдында тұрған мәселелердің дұрыс шешімін іздеп табу ісіне бұл жоба айтарлықтай үлес қосады деп есептейміз («Соц. Қаз.»).