АСТЫҚ

lat: ASTYQ

з а т. Бидай, тары, арпа, сұлы, күріш, жүгері, тағы басқа дәнді дақылдың жалпы аты.

Өлшеулі өмірің таусылса,

Санаулы демі сарқылса,

Әркімге астық бір нәубет,

Бастағы киген Бөріктеназар жырау, Шыт).

Болжаса да боларын астық қанша,

Әкеледі сүмбіле қастық қанша.

Нағыз диқан бет алды даурықпайды,

Бидай болып мол егін бастыққанша (К.Салықов, Жезкиік).

Осы күнгі егіп жүрген астық шөптері, мысалы, бидай, тары, қарабидай, арпа - Бәрі де бұрынты кезде ешкім екпей, өздігінен шыққанмен, бұл күнде еш жерде шықпайды (А.Байтұрсынов, Шыт.).