lat: ASTYQ
зат. 1. Бидай, арпа, тары т.б. дәнді дақылдардың жалпы атауы .
Байытып менің санамды,
Қуатты бердің бойға нық.
Далиып жатқан даламды,
Астыққа қойдың қойма қып (2,279).
Күн бесін. Астық арасынан құлынды биеге мінген Сақа шықты (4,185).
2. Орылған, бастырылған бидай .
Молотилка үйіріп ,
Төгеді меруерт алтын дән.
Жал-жал астық үйіріліп,
Қырманға көрік берді сән (1,7).
Зағипа әпкей асығып,
«Бол, болға» алды көп елді.
Арбаға астық басылып,
Мемлекетке де жөнелді (1,8).
Жан-жағының бәрі дағыр-дағыр, астық , ұн (4,188).