lat: ASYRYL: júzege asyryldy.
Іске асырылды, жасалды.
Мұндай жұмыстар облыстың барлық аудандарында жүзеге асырылды («Егемен Қазақстан»).
Жер участоктарын бөліп беру ісі еңбекшілер депутаттарының облыстық советі атқару комитетінің шешімі арқылы жүзеге асырылады (Ә.Стамқұлов, Үй іргесі.).
Экономикалық мазмұны жағынан, ол тауарлар өндіру ісінің барлық кезеңінде жасалатын қүн өсімінің бір бөлігін бюджетке алу формасы болып табылады және солардың жүзеге асырылуы бойынша бюджетке енгізіледі (Б.Жүнісов,.. Нарық. экон. негіз.).