lat: AT-KÓLİK
з а т. Атты көлік, ат арба.
Армансыз алысатын жауыңменен,
Ат-көлік, қару-жарақ, азығың жоқ (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
Бір аптадан соң Ақық әжей бригадирден ат-көлік сұрап алып, Хайдар мен Зылихаға өзі де барып қайтты (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ).