АТ

lat: AT1

з а т. 1. Үйірге түспейтін, піштірілген, ақталған еркек жылқы.

А т, айғырлар, биелер,

Бүйірі шығып ыңқылдап,

Суда тұрып шыбындап,

Құйрығымен шылпылдап (Абай, Тол. жин.).

2. Салт мінілетін, арбаанаға жегілетін және әртүрлі шаруашылық жұмыстарға пайдаланылатын еркек жылқы.

Шығарсам қазір алтын үй алатын,

Онан соң бір жүз мыңын бие алатын.

Көшкенде жүктерімді атқа артам ба,

Тағы да алтын керек түйе алатын (Аайтұрсынов, Шығ.).

Аты да, өзі де шалымды жігіттер онысын олай, бұнысын бұлай қуып, қолы тиген жерінен еңсеріп, доптай түсіріп жатыр, кейбірі жан сауғалап қашып, кейбірі атының басынан аса домалап, кейбірі сүйретіліп атын бермей жатыр (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Ау, жаным, қасқыр деген азулы аң-ды,

Аямас, ашуланса, ешбір жанды!

Қайтыңдар, аттарыңды әуре қылмай,

Көп болса, жеген шығар бір танаңды (О.Шораяқов, Шайыр).