АТАЛМЫШ

lat: ATALMYSH

с ы н. жоғарыда аталған, сөз болған.

Осы тұрғыдан келгенде аталмыш романның атқарар жүгі қаншалық екені әркімге-ақ түсінікті болса керек Қаз. әдеб.»).

Бірақ біздің байқауымызша, аталмыш мақала асығыс жазылып, газетке де асығыс басылған сияқты (Қ.Жұмалиев, Қаз. эпос.).

Тек өткен жылы аталмыш салада жаңадан алты мыңнан астам жұмыс орындары ашылған («Егемен Қазақстан»).