АТОМЫРАУЛАТУ

lat: ATOMYRAÝLATÝ

з а т. с п о р т. Белгіленген шеңбердің ішінен салт аттылардың бірін-бірі ат пен омыраулата ығыстырып шығаратын сайысы.

Атомыраулату жазық алаңға сызылған, диаметрі он-он бес метр шеңбер ішінде өткізіледі. Жарысқа қатысушы екі салт атты бірін-бірі шеңберден ығыстырып шығаруға тиіс (ҚСЭ).

Атомыраулату ойыны кең жазықта өтеді.

Ойынға әзірлік күн ілгері жүргізіледі.

Ойынға аттар да, жігіттер де жаттығуға тиіс (Е.Сағындықов, Қаз. ұлт. ойын.).