АТҚАРЫЛ

lat: ATQARYL

е т. Істелу, жасалу, орындалу.

Қазір техника көбейген сайын қолмен атқарылатын жұмыстар азайып келеді (Ә.Әлішев, Ат тұяғы.).

Біздің елде де осы бағытта атқарылған іс аз емес. Әсіресе оңтүстік шекарамыздың берік болуы бағытында көп жұмыс атқарылды («Егемен Қазақстан»).

Мұнымен қатар, әдетте, карьер алабының немесе жекелеген учаскелердің шеңберіндегі жыныс массивін құрғату жөнінде де арнайы жұмыстар атқарылды (Т.Қалыбеков, Экология.).