АТТАШЕ

lat: ATTASHE

з а т. д и п л. Дипломаттық елшіліктің қарамағындағы белгілі бір мәселе бойынша маман-консультант; қызметкер.

Атташе қаржы-қаражат қағаздарымызды машинаның ішінде-ақ қарап жіберді де:

- Одақтың бухгалтері тағы да қысып жіберген екен. Бұл ақшаңызға қонақ үйге түсуге болмайды,-деді (Ғ.Мүсірепов, Достық )