lat: ATY-JÓNİ
з а т. 1. Өз аты мен әкесінің аты; кім екендігі туралы мәлімет.
Аты-жөн мен ағайын текті,- дедім,
Шамам жоқ жеңетұғын көпті,- дедім (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
Жақтырып қызды сынап ұнастырды, бұл қыздың аты-жөнін сұрастырды.
Жауабын алдыңғы жыл қабыл алмай,
Өкініп биыл танып рас білді (Ә.Найманбаев, Шығ.).
Осындай сәті түсіп кез келгенде,
Сұрасам аты-жөнің кім болады? (Айтыс).
2. Бір нәрсенің атауы, қалай аталатындығы.
Олар адасып кететіндей-ақ әр нәрсенің аты-жөнін, нөмірін рет-ретімен жазып қоюды әдетке айналдырған (Ж.Жұмаханов, Солдат жолы).
Уа, уа, қызметінің аты-жөні бар ма? (Ш.Хұсайынов, Таныс адам.).