АТЫ-ЖӨНІ

lat: ATY-JÓNİ

зат. Өзі мен әкесінің аты, кім екендігі.

Апыр-ау, сенбейін бе, сенейін бе?!

Қасына жақын барып көрейін де.

Сұрайыншы кім екен аты-жөні ,

Күдігімді қалдырмай көмейімде (3,87).

Аты мен жөнін білейін деп артынан, іле шыққан-ды.

Аула алдында сәл тұрған.

Аты-жөні кім екені белгісіз,

Қара киім ғайып бопты антұрған (3, 163).