lat: AVTOR
зат. 1. Белгілі бір шығарманы, ғылыми еңбекті жазған адам.
Ірілі-ұсақты елуге тарта кітап, елуге тарта автор. Бұл осал дүние емес, жолдастар (4,260).
Сондықтан да үш авторға айтылған сын поэзияға кейінірек келген жастардың да творчествосына ортақ деп білеміз (4,280).
2. ауыс. Бір істің иесі, бастаушысы.
Соғыс деген қайдан шықты?!
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам, есіп кетіп, оған несін жармасты?!
Бір дәуірден бір дәуірге неге үзілмей жалғасты,
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты? (1,240).
Қадірлі аға, қайырымды жан ғой Ібекең,
Күнекең болса, еркелеп жүрген іні екен.
Апыр-ау деймін, алайда осы қуаныштың
Әдеби тілмен авторы нағыз кім екен?! (1,295).