АЗ

lat: AZ

сын. 1. Азғантай, шағын; көп емес .

Егінін салып, мал баққан,

Аз ғана ауыл не істеді?

Орнымен оны аунатқан

Нағылған соғыс күшті еді? (2,306).

Сондықтан да олар аз сөзбен көп түйінді шешуге, аз күліп, көп уайымдауға, аз ұйықтап, көп ойлануға тура келеді (4,273).

2. Болмашы, сәл ғана.

Мені оятқан ұйқыдан сүйген жарым,

Тіршілігім, бақытым, шыбын жаным.

Жол нұсқап біраз жерге аз да болса,

Аймалап айтты маған ақылдарын (1,28).

Естідіңдер еркелесем наздана,

Қыр астынан баяу шыққан үнімді.

«Көргемін, деп аясаңшы аз ғана,

шешек атып келе жатқан гүліңді» (1,87).