АЗА

lat: AZA

зат. Өлім-жітімге байланысты қайғы-қасірет, мұң-шер.

Шулама, орман, кең дала,

Баламның алма мазасын!

Тербетіп тұрам мен ғана,

Мәңгілік жанның азасын (3,170).

Азамен құса боп іш күйді,

Арыңа сан улы тіс тиді.

Намысы қорланып жатқанда,

Жұбаттың Чернышевскийді (1,122).