lat: AZDAP
үст. Біраз, аздаған.
Молынан маған бермеген
Бермесе қойсын, кенде емен.
Аязды аздап көрген ем,
Ыстықта аздап шөлдегем,
Анасының да ақ сүтін
Айызы қанып ембеген,
Мәз бала, достар, мен деген (3,13).
Жеңіс келді.
Жадырап жаз да келді,
Жеңіс әнін шырқатып қаз да келді.
Сенің де, менің де әкем оралмады,
Көңілді мұң шарпыды аздап енді (2,338).