lat: Abaı bol
Сақ бол, абайла, сақтан.
Сабай берме тайыңды, қара қасқа,
Мерт боларсың мына бір жағаласта.
Алды-артың алай-түлей шақ, адаспа,
«Абай бол» деп бітеді сана басқа,
Тізгініңді тарта тұр, қара қасқа,
Байқап-байқап жүргейсің, бала, жаста! (1,152).
Тосқаналық сөзімді таныды біреу, үндеді:
«Аяғыңа абай бол, көремісің түрмені,
Астында мынау түнектің асықтың неге ілгері»? (5,109).