Аэродинамикалық күш

lat: Aerodınamıkalyq kúsh.

ф и з. Ауада қозғалатын денелердің бетіне әсер ететін күш. Осы тарауда оқушыларды аэродинамикалық күштерді өлшеу тәсілімен таныстырғанда да, бұл құбылысты желдің жылдамдығының өзгеруін автоматты түрде өлшеуге, сигнал беруге болатындығын айта кету керек (К.Айманов, Физика.). Аэродинамикалық күштердің көлемі ауа ағысының жылдамдығына, ауа тығыздығына, дененің бітіміне, жоғары сыртқы бетінің жай-күйіне байланысты (Қаз. тілі термин. Әскери.).