lat: Alabuǵa
зат. бот. Сүрегі қаттылау шөп. Түйе жақсы жейді.
Шөп мезгілінің кеш дайындалса, бидайық, қамыс, ши, өлең, мия, жоңышқа, экспарцет, судан, алабұға, қаңбақ, селеу шөптерді машинамен турап уақтап, ал дəнді жемді (арпа, жүгері) жарып бермесе, малға жұғымдылығы нашар болады (Ш. Бөрібаев. Сиыр малы., 11). Өйткені ондай жайылымдарда түйелер жақсы көріп отығатын алабұға, жантақ, теріскен сияқты шөптер көп өседі (Қазақст. ауыл шаруаш., 1965, 10, 29).