Ақ жауын

lat: Aq jaýyn

Үздік-создық ұзақ жауған жауын; ақ жаңбыр .

Мотордың даусын есіте-есіте шаршадым,

Жамырап жатқан жас төлдің үнін аңсадым.

Жабағы үйді ақ жауын түтіп тұрғанда

Отырар ма еді түтінін жұтып аршаның! (2,69).

Бәрі де таныс маған жер бетінің,

Бәрімен бір бесікте тербетілдім.

Көрдім мен ақ аспанда мамық ұшып,

Көл-көсір ақ жауынның селдетуін (2,222).