lat: Aq kóńil
поэт. Ақ пейіл, ақ ниет .
Аңқылдаған не таптым ақ көңілден ,
Несіне ердім сайтанға жат көрінген?!
Өмір деген біреу бар билік құрған,
Билігінен мен соның қақ бөлінгем (2,153).
Тұрағы жоқ неғыламын арманды,
Арман қуған ақ көңілім алданды.
Ояу жүріп өткізсем де таңдарды,
Артымда тек шұбатылған шаң қалды (3,210).