АСФАЛЬТ

lat: Asfált

зат. 1. Ұсақталған тас пен битум қосындысынан тұратын қара түсті масса .

Дүбірлеңдер, дүбірле, көшелерім,

Төсіңде өседі ұрпақ, өседі елің.

Алмағайып асфальтің тоза қалса,

Асфальт болып астыңа төселемін,

Төсімде өседі ерің, көшеді елім! (3,219).

2. Осы массадан төселіп жасалған жол, көше, жаяужол .

Алшаң басып, асфальтпен адымдасам,

Адам жүрер мекеннен табылмасам,

Қайтер еді?

Мейірі түскен жанды,

Бекерсініп, менсінбей қабылдасам! (2,87).

Көртоғайға кіре асфальт бітіп, тас жол басталды. Жүгінің жеңілдігінен бе, машина шоршақтай береді (4,117).