Ашуға билетті

lat: Ashýǵa bıletti.

Ашуға бой алдырды, сабырсыздық танытты.

Ашумен қылған іс емес,

Қайрат та емес, күш емес.

Ашуына билеткен,

Ақылы түзу кісі емес (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Бойды ашуға билетпе,

Басынан жаман үйретпе.

Адырайып, аптығып,

Бір жеріңді күйретпе (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).