Аспалы шам

lat: Aspaly sham

Төбеге, биікке іліп қойылатын шам 

Төрт жерден салбыраған а с п а л ы  ш а мд а р, жаңа үйдің ішіндегі жиһаз жалт-жұлт етеді (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.).

Көбік пен Шырын құлын тайдай шапқылап,

Бұлқынар шампан а с п а л ы  ш а м ғ а атқылап.

Домбырадан «Сарыжайлау» күйі төгілер,

Тамсанар көршім сұлу саз сүйгіш, саққұлақ (К.Салықов, Жезкиік).

А с п а л ы ондық ш а м үй ішін самаладай анық көрсетіп тұр (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш).