lat: Astronomıa
з а т. ғ ы л. Аспан денелерінің құрылысы, дамуы және тұтас ғалам жайындағы ғылым.
Жеке дүниелік денелердің құрамын, формасын, қозғалысын, дамуын зерттеумен қабат, а с т р о н о м и я олардың өзара байланысын да қарастырады (Х.Әбішұлы, Халық астрон.).
Птолемей Гиппархтың астрономиясымен жете танысып, оны өзінің «Алмагестінде» кемелдендіреді (А.Көбесов, Математика.).
Осындай себептер XIV ғасырдың бас кезінде қытай математикасы мен астрономиясының әлсіреп, мүлде тоқырауына әкеліп соқты (А.Көбесов, Математика.).