lat: Astronomıalyq
с ы н. Астрономияға тән, астрономияға қатысты.
Араб ғылымының алғашқы қарлығашы, Бағдат математикалық, а с т р о н о м и я л ы қ мектебінің негізін салушы Мұхаммед әл-Хорезми Орта Азиядағы Хорезм қаласында туып-өскен (А.Көбесов, Математика.).
Әл-Хорезми олардың зерттеулерін жалғастырып, өзінің астрономиялық трактатында математика тарихында түңғыш рет синустар кестесін жасады (А.Көбесов, Математика.).
Үркер Жұлдызының малшыларға маңызы өте зор болды. Олар астрономиялық және метеорологиялық құбылыстарды ажыратуға пайдаланады (М.Елеусізов, Шоқан Уалиханов.).