Астыңғы ерін

lat: Astyńǵy erin.

а н а т. Адамның, жануардың үстіңгіерінге қарама қарсы бөлігі.

Көлік үстінде қапырық ыстықта қат-қабат киініп, астыңғы ернін бастыра ақ орамал тартып алған бір қарт бар (Б.Аманшин, Көкжар).

Жалпақ, доғал иегі де қайтадан қашалғандай мүсінді.Тал бойына жараспай тұрған мүше астыңғы ерні ісіңкі, үстіңгі ерні түрік біткен үлкен ауыз ғана (М.Мағауин, Бір ата.).

Астыңғы ерні сәл ғана бүлкілдеді.

«Ештеңе тақалған жоқ, абыржыма!»,- деді де пысық бала күңкілдеді (М.Мақатаев, Шығ.).