Асылдың сынығы

lat: Asyldyń [altynnyń, bolattyń] synyǵy.

Жақсының көзі, ұрпағы.

Асылдың нағыз сынығы ең,

Cілтеуін тапса тас тілген.

Өмір сырын ұғып ең,

Алысып өсіп қасқырмен (Д.Әбілев, Уақыт).

Сен бұған қарағанда асыл, алтынның сынығындай екенсің (С.Бақбергенов, Кентау).

Сен содан туған болаттың сынығы болдың, иә, солай екен (Р.Райымқұлов, Болат.).