lat: At qulaǵy kárinbeıtin [kárinbes].
а) Түк көрінбейтін, көз ашқызбайтын, түтеген (боран).
Қыста ат құлағы көрінбейтін ақ боран бір жұма үзілмей соқса,
Абылғазы сол бір жұма бойында тоқталмастан жол тартып отырып, барам деген жеріне ат тұмсығын аумай кеп тіреп, дәл шығатын (М.Әуезов, Таңд. шығ.).
Үш жүз шақырым жердегі Ақмоладан жалғыз түйесі арықтап, өзі жүдеп келе жатқанда ат құлағы көрінбейтін үскірік боран қамады (Ғ.Мұстафин, Көз көрген).
ә) Биік, қалың (шөп не егін).
Шоқпардай сары торы тұр басын иіп,
Көрінбес ат құлағы тоғай биік.
Судырлап теңселеді сұлу сұлы,
Сумаңдап сылдырлаған суды сүйіп (І.Жансүгіров, Шығ.).