Ат төбеліндей

lat: At tóbelindeı.

э т н. Азғантай, шағын көлемді білдіретін халықтық өлшем.

Қазақтың ат төбеліндей оқығаны бірін-бірі мүйіздеп, бірін-бірі жамандап жатқаны - біздің ішімізге, тіпті-ақ сыймайды, ағай (І.Жансүгіров, Шығ.).

Қой әрі, онсыз да аттөбеліндей азғантай қазақты алалап, бірін жат, бірін жақын тұта алмаспын (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер).

Ат төбеліндей аз қосын,

Бірлігімен болаттай.

Бөгеп жатты жау жолын,

Ел шетіне жолатпай (Ө.Тұрманжанов, Таңд. өлеңд.).