lat: At tóbelindeı.
Азғантай, көп емес, шағын бір топ.
Журнал жаңа шыға бастаған тұста қазақ совет әдебиетінің кадрлары ат төбеліндей аз еді (С. Мәуленов, Үркер.).
Ат төбеліндей ауылдың малы сыймайтын жерлерге жүздеген халқы бар поселкелер орнады (С. Ысқақов, Табиғат.).
Ат төбеліндей ауылдың қызығы бас-аяғы екі-үш күнде өте шықты да, енді бірді-екілі құтты болсын айта келгендерге жол тиді (Мәдениет және тұрмыс).