lat: Ata sózi
Аталар айтқан ақыл сөз .
Дала жатыр өн бойы тұнған өлең.
Абай, міне, жапанда тұрған емен.
Ата сөзі тербеткен бесігімді,
Ата сөзін өмірде тыңдап өлем.
Ұлы емес Абай жалғыз сахараның,
Мен емес, солай деген аталарым.
Сол ұранды ұрпаққа апарамын,
Мен қазақ – Абай болып атанамын (1,141).
Кедергісіз өтеді асулардан,
Жүрегінде күдік бар, жасыра алман.
Ата сөзін жадыма түйіп алып,
Аттанып ем ауылдан, басымда арман (2,199).