lat: Atqarý komıteti.
с о в е т. Кеңес өкіметі тұсында аудандық, облыстық және т.б. жергілікті биліктің орындаушы органы.
Мұндағы үкімет мекемелеріндегі жолдастар тарапынан атқару комитетке ұсынған мынау список бар (І.Жансүгіров, Әңгім.).
Машинадан түскен адамдар киімдерін қағынып, атқару комитетінің үйіне кіре бастады (С.Бегалин, Уақыт.).
Өткен түнде аудандық атқару комитетінің мәжілісінде ұзақ отырғандықтан, Айнаш ұйықтамаған-ды (С.Алдабергенов, Әңгім.).