lat: Atsyraý
зат. этн. Тоғызқұмалақ ойыны аяқталуға жақындағанда, бір жағының құмалағы екінші жағына өтіп кетіп, жүрерге құмалағы қалмай қалса, мұны «атсырау» деп атап, қарсы жағы отаулардағы барлық құмалақты өз есебіне кіргізіп алады (А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 4, 119).
Ойынның аяғына таман тас азайып, қарсы жақтың отауларына шабуылдау мүмкіндігі төмендеуді атсырау дейді. Атсырамау үшін ойыншы өте шебер болуы керек (Ө. Жолымбетов, Айгөлек, 49).