lat: Atyn [ataǵyn] satty.
Біреуді арқа тұтты, соның атағымен күн көрді; атағына сүйеніп күн көрді.
Ағабек наркомда істейтін ағасын арқа тұтып, соның атын сатып, айбаттанып жүретін (О.Сәрсенбаев, Сағым).
Молда көп, молда деген атын сатқан,
Бас алмай өтірік соққан шариғаттан.
Өзі хат білмесе де «оқуы» көп,
Бас айналған мылжыңнан діңкең қатқан (С.Торайғыров, Шығ. жин.).