Атын сатты

lat: Atyn satty.

Біреудің абырой-атағын пайдаланды, беделін бетке ұстады.

Мен жүрмін талай жердің дәмін татып,

Тар жерде амандастық жауап қатып,

Жақсының атын айтсам айбынар деп,

Біреудің жүрмегейсің атын сатып (Айтыс).

Молда көп, молда деген атын сатқан,

Бас алмай өтірік соққан шариғаттан (С.Торайғыров, Шығ.).

Сен кімсің Жанғабылдың атын сатып,

Қарғадай қасына ертіп тоят қылған (Н.Ахметбеков, Жасауыл.).