БӨЛІМ

lat: BÓLİM

зат. 1 . Белгілі бір мекеменің, ұйымның құрамына кіретін жеке-жеке сала .

Райкомның үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі мақтаншақ бірдеме екен, жаудыртты кеп сұрақты, жаудыртты кеп, құдайдың бір жоқ пәлесін сұрайды (4,133).

2 . Әдеби шығарманың, т.б. өнер салаларының жеке бір бөлігі .

Данте Алигьеридің «Адам әжуасындағы», «Тамұқ» бөлімін тұтас Шекспир «Сонеттері» мен Американың демократ-ақыны Уолт Уитменнің «Шөп шырайын» тәржімеледім (5,225). Сондықтан да мен бүтін дүниені бөліп-жармай, бүтін қарап, бүтін пікір айтуды жөн көремін. Сондықтан да «Домбырадан» домбыраның ғана сазын ұғынбай, бүтін бір оркестрдің үнін естіп, құныға келе, жеті бөлімнен тұратын симфонияға тап болдым (4,256).