БҮГІН

lat: BÚGİN /126/

үст. 1 . Бұл күн, осы күн .

Бүгін менің туған күнім.

Ой, бәле-ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай (3,252).

Қажыдың, қарғам, басылар ма екен аптығың,

Қалжырама, ерте жат бүгін .

Көңіліңе алған түсіңе енсін шаттығың.

Ертерек қамдан, ертерек, қарғам жат бүгін (1,169).

2 . Қазіргі кезде, осы уақытта .

Тарихымды жазудамын бүгін мен,

Бабаларым, сенің Ана тіліңмен! (2,192).

Бабаларым аңсаған бақыт деген,

Байқасам, бүгін менің қасымда екен (3,215).