lat: BÚLDİRGEN
зат. 1. бот. Сабағы желі тартып жабайы өсетін шөптесін өсімдік (қойбүлдірген) және осы өсімдіктің моншақ тәрізді, уақ, қызыл түсті домалақ жидегі .
«Үйленіп, үйшік жасап ойнамаққа,
Топырлап жыйналушы ек жар қабаққа.
Судан арақ, бақбақтан закуска етіп,
Бүлдірген теруші едік тойламаққа (1,69).
Сондай нәрлі бүлдірген , хош иісін арнаған,
Улантпайды әпелсін, улантпайды алма да,
Улантпайды жүзім де,
Улантпайды өрік те,
Уланғам жоқ, қауын мен шабдол татып көріп мен (3,311).
2. ауыс. Қыздың төсі д.м.
Шыт көйлек...
Белін бір бүрген,
Етегін желге ілдірген,
Омырауында бүлдірген (2,237).