lat: BÝSAN
ет. 1 . Адамның аздап қана терлеуі, жіпсу .
Жол алыс,
Бусандым, терледім,
Ентіге алады жер демін,
Қиырда, қияннан мөлт етіп,
Көл болып көрінген сен бе едің? (1,158).
2. ауыс. Көктем келіп, күн жылынып, жердегі қардың ери бастауы.
Жұмыр жер!
Нелерді көрмедің,
Жұмыр жер!
Нелерді білмедің?
Жұмыр жер!
Бусанып өр демің
Бәрібір жасардың, гүлдедің!(1,97).
Шып терлеп дала бусанған ,
Сағымы қайнап шымырлап.
Бозторғай ұшты жусаннан,
Сүйінші сұрап шырылдап (3,173).