lat: BİRİNSHİ /52/
сан. 1 . Ең бастапқы реттік сан .
(Өмір саған жолатпасын қайғыны),
Достарың кеп: «Тудың, – десе, – қай күні?»
«Туған күнім, бірінші май, сондықтан
Менің атым, – дерсің, жаным – Майгүлі» (1,75).
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің (3,274).
2 . Алғашқы, тұңғыш .
Өзіңе бал, басқаға у,
Сезімдіге ең қымбат:
Қайғы, сүю, құмарту –
Ең бірінші махаббат (1,64).
Жаратқанды жазғырып, қайтқан оның меселі,
Неткен үрей, бір кездер әсем жаның осы еді,
Ол ақиқат, бәлекеттің ең бірінші көсемі! (5,161).