lat: BİR-BİRİ
үст. Бірін-бірі, өзара .
Әсіресе маған бір ұнайтыны
– Алатаудан долы өзен құлайтыны,
Құлын-тайдай тебіскен құрбылардың,
Әзілменен бір-бірін сынайтыны (2,63).
Ақиқат дейтін ауылдың,
Қасынан дәйім табылдық.
Ауырдан сауыт жамылдық,
Сонда да бізді жауыр ғып,
Жоғалта алмады ауырлық.
Бір-бірімізді бауыр ғып,
Сонда да біздер сағындық (2,236).