БІРДЕН

lat: BİRDEN

үст. Салған жерден, тез арада .

Сұрақ күтпей көсемім бірден айтты жауабын:

«Әнебіреу сойталдай дәуге біраз қарағын,

Тіпті, азаптың өзі де оның тайдырмапты жанарын» (5,86).

Әйтсе де ақындық жауапкершілік, поэтикалық талғаммен ой сала, сәл биіктен қарасаңыз, алдыңыздағы азаматтың кім екенін бірден танисыз (4,277).