БІРГЕ

lat: BİRGE /222/

үст. Қатар, қабат .

Ғұмыры бірге, тағдыры бірге , бірге арман,

Қайда кеттіңдер, қызғалдақтар-ау, бүр жарған?!

Жалғыз аттанып бара жатырмын қырманнан,

Расында да, жалған екен-ау, бұл жалған (2,371).

Жарысар жерде жарысып,

Жұртыңның қорғап намысын,

Халқыңмен бірге қауышып,

He жетсін өмір сүргенге!

Отыңды бірге жағысып (3,199).