lat: BİZ /608/
есім. 1. Жіктеу есімдігінің бірінші жағының көпше түрі .
Момын елдің,
Арқа сүйер,
Азаматы біз едік,
Жеке-жеке бақыт іздеп,
Жеке өмір түзедік,
Жетер енді!..
Туған жердің топырағына тізе бүк! (2, 148).
Біздер – жетімдерміз! Жетімдерміз!
Жетім болып жүріп-ақ жетілгеміз:
Дөңгелек жердің шарын допша қуып,
Мазасын тіршіліктің кетіргеміз (3, 168).
2. экспр. «Мен» дегенді сыпайылап жеткізу.
Керемет кезде тусақ та,
Керемет шақта тұрсақ та,
Білдірмей іштен тынсақ та,
Біздің хал мүшкіл бұл шақта (3,256).