БАУЫР /85/

lat: BAÝYR /85/

зат. 1. Бір әке-шешеден туған ағалы-інілі, қарындасты адамдар .


Ағажан, ажыратшы ақ-қараны,

Жетімек ем, өмірдің ақ табаны.

Арыздасып қалайын атыңды бұр,

Артымда сорлы бауыр қап барады (1,191).


Аман ба құдағи? деген бауырының даусын естіп,

Зияш құлағын түре қойды. -Аманбысың, қарағым?

Үй ішің есен бе? деп жатыр әжесі.

Бауыры келген беттен асыр-тасыр, аттап кете жазып тұр (4,168).


2. Ағайын, туыс, туысқан адамдар .


Айтсайшы, көке-ау, қай маңда, Мекені туыс, бауырдың ? Аттанған өзің майданға, Орны қайда ауылдың? (3,57).


Жетемін ертең ауылға, Ағайын, туған, бауырға .

Туған жер болар құстөсек, Аспаның көрпе,

жамыл да, Дамылда, жаным, дамылда,

Бақытты сол бір шағыңда (3,239).


3. Кейде қаратпа сөз ретінде де қолданылады .


Ей, Бауырым ! Неге сонша мұңайдың?

Мен мұңайсам, сенен бетер жылаймын.

Көп ойланып, аз күрсінген халқыма,

Қараймын да, қайраттанам, шыдаймын (3,253).


Мен Үйсінмін, Қауға берсең, қауға бер,

Қан ағызып, үйренгем жоқ жаулап ел.

Дауы да жоқ, жауы да жоқ, тып-тыныш,

Бауырларым , біздің асқар тауға кел! (2, 127).