БАУЫРЫМ

lat: BAÝYRYM

зат. 1. экспр. Кез келген ер адамды өзіне жақын тарту ниетінде қолданылатын сөз .

Алысқа бар, бауырым , алысқа бар,

Кез келген материкке, ғарышқа бар.

Жақсы адамға орын бар бір кісілік,

Жадау тартса, көңілің де таныс табар.

Бірақ... Бірақ Алматың алыс қалар (2,295).


Осы да жақсы, кім білсін,

Ділгірсін көңіл, ділгірсін.

Өкініш, ынсап бір жүрсін.

Алайда доссыз өткерген,

Күн құрсын, бауырым , күн құрсын! (3,16).


2. Бейтаныс ер адамды өзіне қарату мақсатында айтылатын қаратпа сөз .


Ей, Бауырым ! Неге сонша сарғайдың?

Қапалансам, менің дағы бар қайғым.

Мен жұртыма мұңымды емес, жырымды,

қуанышым, шаттығымды арнаймын (3,253).


Сен үшін ғана, сен үшін ғана арнайы.

Тағдырдың нелер тартпады дейсің қандайын.

Татады зәһар, татады зәһар таңдайың.

Бақ емес, бауырым , шыбын да тайып кеткендей,

Тайқы екен сенің, тар екен сенің маңдайың (1,170).