lat: BAǴA
з а т. 1. Заттың құны, нарқы.
Қос уыс ділда берді.
Әзімге шал:
- Сенің ортақ малың, - деп, - мендегі мал
. Шешілісіп, сырласып отыралық,
Әр түрлі қымбат баға ішкілік ал (Абай, Тол.жин.).
- Мұндай аттың бағасы кем дегенде қырық-елу сом, - деді Негметжан Балуан Шолаққа (С.Мұқанов, Шығ.). Сандықтың түбіндегі алтын сыртта баға шығарады (Мақал).
2. э к о н. Тауарды (қызметті, бағалы қагазды) өткізу құны, тауардың ақшага шақандағы құны. Тауарлардың (өнімдердің, қызмет көрсетулердің) бағасы сатып алушылар мен сатушылар бәсекесі нәтижесінде тікелей сұраным мен ұсынымның осерімен белгіленеді (Қаз. тілі термин. Экономика.). Баға - тауар құнының ақшалай көрінісі, яғни тауардың немесе қызмет көрсетулердің бір өлшемі үшін төленетін және алынатын ақша мөлшері (Қаз. тілі термин. Экономика.). Баға өздігінен қалыптасады және өзіндік құны төңірегінде (қарапайым тауар өндірісінде) немесе өндіріс бағасы төңірегінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты ауытқып отырады (Қаз. тілі термин. Тамақ.). Бағаны базар белгілер (Мақал).
3. п е д. Оқушының білім дәрежесін анықтауда қойылатын балдық жүйе. Мұстафаның көңілді болатын да реті бар, ол бүгін орыс тілінен «бес» деген баға алды (А.Тоқмағамбетов, Шығ.). Оқу майданындағы жарты жылдықты өте жақсы бағамен аттандырып, ол «уһ» деп бір дем алды (М.Иманжанов, Адам тур.). Дайындықсыз келген, жауап бере алмаған баланы екілік бағамен көзге шұқымайтын (С.Шаймерденов, Мәжнүн тал.).
4. Бір нәрсенің сыны, парқы. Белгілі шығыстанушы-тілшінің бағалары әсіресе қазақ халық әдебиеті хақында ерекше дөп келді (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.).
5. а у ы с. Қадір-қасиет. Бағаңды білмейді екенсің ғой. Кейбір келіншектер сен дегенде ішкен асын жерге қояды деп естідім (З.Шашкин, Сенім).
Түсінем, түлейді өмір, жаңарады,
Жаңа өңірде жаңа оттар жанар әлі.
Нелер ұрпақ әлі де ағарады,
Секілденіп өзінің бабалары,
Қалса болды халқының шежіресінде,
Әр ұрпақтың өзіндік бағалары (М.Мақатаев, Шығ.).