БАҒА

lat: BAǴA

зат. 1. Тауардың ақшаға шаққандағы сату құны .



Розалар, бағаң қымбат екеніне есірме,

Қыздарға тым қолайлысың, қызғанайын несіне,

Бомбасы бар самолеттің бензобагін тесуге,

Қамдана бер, қанжар бойы тікеніңді өсір де! (4,41).


2. ауыс. Адамның қадір-қасиеті, парқы .


Қалмаймын қараң, бәрібір табам,

Өмірден сенсіз өтпеймін.Түссе де бағам ,

Бәрібір табам, Артыңнан барам,

Айдасаң дағы кетпеймін (3,123).


Нелер ұрпақ әлі де ағарады,

Секілденіп өзінің бабалары,

Қалса болды халқының шежіресінде,

Әр ұрпақтың өзіндік бағалары (2,233).