БАҒАСЫЗ

lat: BAǴASYZ

с ы н. 1. Бағасы қойылмаған, бағасы жоқ. Тауарлар өлі бағасыз болған соң, дүкенші еш нәрсе сата алмадыуызекі).

2. а у ы с. Арзан, татымсыз, маңызсыз, мәнсіз. Есер кісі орын таппай, не болса сол, бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып құмар болады (Абай, Тол. жин.). Бағасыз жастық - бозбастық, адастық, - деген жолдардан жоғарыда айтылған сыншыл сана айқын аңғарылады (М.Әуезов, Шығ.).

3. а у ы с. Аса қымбат, баға жетпес. Ән мен күй... Халқымыздың мәдени байлығына қосылған бағасыз мұра боп тұрады (І.Омаров, Серпін).